Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ысмағұлов Жұмағали

1928 жылы 17 сәуірде Қостанай облысының Сарыкөл ауданындағы Соналы ауылында туған. Орта мектептің 8 сыныбын бітірген.

1942 жылы алғашында Әулиекөлдегі аудандық газет баспаханасында әріп теруші.
сосын аудандық газет редакциясында жауапты хатшы болып істеген.
1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
3-курс студенті кезінде-ақ «Коммунист» (қазіргі «Ақиқат») журналында партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі болып істеді, көп ұзамай оның жауапты хатшысы және редакция алқасының мүшесі болды.
1952–1987 жж. «Үгітші блокноты» («Блокнот агитатора») журналының жауапты редакторы.
Қазақстан КП Орталық Комитетінде нұсқаушы.
республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы.
Алматы облыстық «Жетісу», Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газеттерінің редакцияларында жауапты қызметкер.
Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы институтында аударма секторының меңгерушісі.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік ақпарат агенттігі (ҚазТАГ) директорының орынбасары, директоры болған
1985 жылы он бірінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
1986 жылы Қазақстан Компартиясының XVІ съезінде Орталық Комитеті мүшелігіне кандидат болып сайланды.
1987 жылдан бастап М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеді.

1994 жылы «Абай: ақындық тағылымы» («Ғылым») атты монографиясы жарық көрді. 1995 жылы «Абай поэзиясындағы өмір шындығын бейнелеудің реалистік принциптері» деген проблема бойынша докторлық диссертация қорғады. Абайдың шығармашылық мұрасын бастыру және зерттеу жөніндегі жұмыстары үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды. 1996 жылы Қазақстан Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі болып сайланды. Кейінгі кезде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Абайтану бөлімінің меңгерушісі болып істейді.
1991–1996 жылдары қоғамдық негізде Жазушылар одағы басқармасының жанындағы Көркем аударма қауымдастығы президентінің міндетін атқарды.
Ұзақ жылдар бойы баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларының біразы «Маржан мен махаббат» (1965), «Адам мейірі» (1968) атты жинақтарына енгізілді. 2008 жылы «Өнер» баспасынан «Абай: даналық дәрістері» атты ғылыми-публицистикалық монографиясы жарық көрген.
Бальзактың «Үзілген үміттер», «Жергілікті дәрігер», «Шегрен былғары», Стендальдың «Қызыл мен қара», Ю.Бондаревтің «Жағалау» және «Таңдау», В.Анчишкиннің «Арктика аңызы», П.Коэльоның «Заһир», В.Вересаевтың «Тығырықта» романы мен «Өмірге беталыс» повесін, В.Дальдің «Бекей мен Мәулене», Э.Казакевичтің «Көк дәптер» атты шығармаларын қазақ тіліне аударған.
«Халықтар достығы», «Құрмет» (2005) ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, филология ғылымының докторы, профессор.



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ