1937 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық кентінде дүниеге келген. 1962 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (қазір Х. Досмұхамедов ат. университет) тарих факультетін үздік бітіріп шығып, кейін оқытушы, кафедра меңгерушісі, тарих факультетінің деканы лауазымдарында қызмет етті. 1967–1970 жж. аралығында Қазақ КСР-ның Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының аспирантурасында білімін жетілдірді. 1980–1989 жж. аралығында Атырау педагогикалық институтында ғылыми жұмыстарының проректоры болды. 1989 ж. 28 сәуірінде конкурстық негізде Қостанай педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды. Зұлхарнай Алдамжарұлы 1992 ж. Қостанай педагогикалық институтына Қостанай мемлекеттік университеті мәртебесінің берілуіне және оның кейінірек Ахмет Байтұрсыновтың атымен аталуына қол жеткізді. 2001 ж. мамыр айынан бастап Қостанай әлеуметтік академиясының ұйымдастырушысы және президенті міндетін орындауға кірісті. «Парасат» орденімен, медальдармен, ерекше белгілермен, құрмет грамоталарымен марапатталған. 1993 ж. оған Техас (АҚШ) штатының құрметті азаматы атағы берілді. 2005 ж. қарашасында қайтыс болды.
«Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағы 15.07.2005 жылы берілді.
