Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Баспасөз хабарламасы
05.06.2018

2018 жылдың 7 маусымында сағат 10.00 Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК «Жаңғырған өлкем жасампаз Торғай» тақырыбымен Жангелді ОКЖ кітапханалар күні болады.

Қазақстандық қоғамның барлық саласының дамуын қамтыған мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына жыл толды.

Аталған бағдарлама аясында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК «Қостанай облысы ОКЖ кітапханалар күні» жобасын жариялады.

Жобаның мақсаты: әріптестеріміздің жұмыс тәжірибесімен танысу, Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларындағы жұмыстың инновациялық түрлерін анықтау, кітапхана мен кітап оқудың рөлін арттыру.

Бағдарламаға келесідей шаралар енгізілген: «Торғайдағы зұлмат жылдар» әдеби сұхбаты, «Жеңісті жақындатқан Торғайлықтар» библиографиялық галереясы, АОК библиографы, «Әнім сенсің тың далам» әдеби композициясы, «Торғайдың топжарғаны Нұрхан ақын» әдеби қонақжайы, «Талантты талайды тәнті еткен» әдеби кеші, аудандық балалар кітапханасының «Шеберлікке шындар жол» клуб жұмысымен танысу, «Астанам! Ару қалам, асқақ ордам» көрме-викторинасы енгізілген.

Жангелді ОКЖ кітапханалар күні сағат 10.00 және сағат 16.00 аралығында өтетін болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus