Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жангелді ОКЖ кітапханалары күні
08.06.2018

Қазақстандық қоғамның барлық саласының дамуын қамтыған мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына жыл толды. 

Аталған бағдарлама аясында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК «Қостанай облысы ОКЖ кітапханалар күні» жобасы жұмыс істеп жатыр.

Жобаның мақсаты: әріптестеріміздің жұмыс тәжірибесімен танысу, Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларындағы жұмыстың инновациялық түрлерін анықтау, кітапхана мен кітап оқудың рөлін арттыру.

2018 жылдың 7 маусымында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК ауданның құрылғанына 90 жыл толуына арналған «Жаңғырған өлкем жасампаз Торғай» тақырыбымен Жангелді ОКЖ кітапханалары күні өтті.  

 Жиынға облыстың барлық ОКЖ кітапханашылары, бұрынғы Жангелді ауданының тұрғындары келді. Олардың ішінде Нағашыбай Мұқатов, Жандарбек Сейітов, Күлаш Сейітова, Сәрсенбелдин Қойшы және басқалар болды.

Жангелді ОКЖ кітапханашылары өз әріптестерін театрландырылған тамаша қойылымдарымен қуантты, ал әртістердің рөлін кітапханашылар мен аудан кітапханаларының оқырмандары орындады. Көркемөнерпаздар көрсеткен шағын сахналық қойылымда ауданның құрылған кезінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі барлық тарихы: Торғайда кеңес үкіметінің орнауы, 30-шы жылдардағы алапат аштық, Ұлы Отан соғысы, Тың, социализмнің даму кезеңі, аудандағы Тәуелсіздік жылдарындағы қайта құрулар мен оның дамуы, Астананың 20 жылдығы көрсетілді.

 ОКЖ қызметкерлері сондай-ақ көрермендер мен әріптестерінің назарына бірден 4 әдеби шара: «Торғайдағы зұлмат жылдар» сұхбатын, «Әнім сенсің тың далам» композициясын, «Торғайдың топжарғаны Нұрхан ақын» қонақжайын, ақын Қайнекей Жармағамбетовтың 100 жылдығына арналған «Талантты талайды тәнті еткен» кешін ұсынды. 

Басқа ОКЖ келген әріптестері «Жеңісті жақындатқан Торғайлықтар» библиографиялық галереясына жоғары баға беріп, аудандық балалар кітапханасының «Шеберлікке шындар жол» клубының жұмысымен, «Астанам! Ару қалам, асқақ ордам» көрме-викторинасымен танысты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus