Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қазақстан мен Өзбекстан: қарым-қатынастардың жаңа серпіні
27.06.2018

 «Өзбектер – бізге жақын жұрт, көрші, Орталық Азиядағы үлкен ел, сол себепті бұл елмен арадағы байланыс аса маңызды және пайдалы. Өзбек халқы қазақ халқымен көптеген ғасыр бойы тату-тәтті өмір сүріп келеді.  Қазіргі кезде көрші елмен достық қарым-қатынасты сақтау аса өзекті болып табылады.Біздің тіліміздің, мәдениетіміздің, дініміздің түбі бір, сол себепті бізге ынтымақтастықтан басқа жол жоқ. Өзара әрекеттестігіміз тиімді болуы үшін нақты іс-қимыл, өзара шынайы қолдау қажет» -, деп атап көрсетті мемлекет басшысы Н. Назарбаев.

Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында Әмбебап оқу залы оқырмандар назарына Өзбекстанның географиясы, тарихы мен мәдени мұрасы жайындағы әдебиеттер, өзбек авторларының көркем шығармалары, екі ел арасында болып жатқан оқиғалар жайында жазған мерзімді басылымдар қойылған «Қазақстан мен Өзбекстан: қарым-қатынастардың жаңа серпіні» кітап көрмесін ұсынады.

Көрме жаңартылып отырылатын және 2018 жылдың соңына дейін жұмыс істейтін болады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ