12 шілде күні кітапхананың қонақжайында ақын, прозашы, драматург Болат Окуджаваға арналған әдеби-сазды кеш болып өтті. Кешке қатысқан қонақтар Болат Шалвовұлы жайлы естеліктері және оның шығармашылығы туралы ой бөлісті. Кеш барысында Болат Шалвовұлының өлеңдері шырқалып, оның шығармашылығына арналған өлеңдер де айтылды. Кеш соңында қонақтар автордың танымал өлеңдерін бірге айтып, жақсы көңіл-күйде тарқасты. Оның өскелең ұрпақтар алдында мерейі әрқашан үстем болады.