Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Күн кітап бетінде»
27.07.2018

26 шілде күні Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК қонақжайында жазғы оқылым аясында «Күн кітап бетінде» атты кездесу болып өтті. Кітапханамыздағы әдеби орталықтың мүшелері, өздері оқып жүрген кітаптарын алға тартып әсерлерімен бөлісті. Жастар арасындағы кітапқа деген қызығушылықтың не себепті төмендегенің анықтау мақсатында, теледидар және ғаламтор желілерінің кем тұстары талқыланып, әсіресе қазіргі мектептердегі жоспарға сәйкестендірілген әдеби кітаптар да сөз болды. Іс-шара барысында қазіргі кездегі классиктердің және танымал авторлардың есімдері де ескерусіз қалмады. Жазушы және педагог Александра Ильинична Суслова әдеби орталыққа қаламыздағы оқу орындарын да белсендендіру керектігі жөнінде өз ұсынысын жасады. Іс-шара соңында, жанды пікір алмасулар - ашық әңгімелер және жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға арналған перспективті бағыттарды ілгерілету керектігі басты назарда болды.     


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ