Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тағдырдың бөгет жолдары»
08.08.2018

7 тамызда әдеби қонақжайда қостанайлық танымал жазушы Николай Федорович Кочинның туғанына 80 жыл толуына арналған мерейтойлық кеш өткізілді.

Кездесуге қостанайлық авторлар, әдебиетті ұнатушылар мен мерейтой иесінің достары келді. Шынайы да достық ахуалда құттықтаулар оқылды, қонақтар мерейтой иесінің өлеңдерін оқып, сыйлықтарын тарту етті.  Әдеби орталық атынан ақын Александра Суслова Николай Федорович картина – майлы бояумен салынған автордың портретін тарту етті. Юрий Яковлевич Бондаренко Қазақстан халқы ассамблеясының Қостанай облыстық сараптама кеңесінің алғыс грамотасын тапсырды. Ал Федор Микович Мин өзі шығарған әндер жазылған дискіні тарту етті. Кітапхана да сыйлықсыз қалған жоқ, Қостанай баспа үйінің директоры Анатолий Владимирович Тарасенко сирек кітаптар қорына А. С. Пушкиннің 1949 ж. «Повести Белкина» басылымын тарту етті. Мерейгер барлық қатысушылар мен кітапханаға өзіне көрсеткен құрметтері үшін алғысын білдіріп, мұндай кездесулерді мүмкіндігінше жиірек өткізуді ұсынды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus