Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Тіл – рухани азаттығымыздың алтын діңгегі
25.08.2018

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК әмбебап оқу залында «Тіл – рухани азаттығымыздың алтын діңгегі» жедел көрмесі жұмыс істей бастады. Көрме Қазақстан халқының тілдері күніне арналған.

Көрмеге қойылған кітаптар мен мерзімді басылымнан алынған жарияланымдар еліміздің қазіргі кездегі тілдік ахуалынан хабар береді, оқырмандардың назарын мемлекеттік тілдің рөлі мен маңызының артып келе жатқанына, оның тарихтағы дамуына аударады. Облыстың этномәдени бірлестіктерінің тілдеріндегі әдебиеттер олардың лингвистикалық ауқымы мен байлығын көрсетеді. 

Көрменің мақсаты келушілерге Қазақстан Республикасындағы тілдер мен ұлтаралық қарым-қатынас бойынша ақпараттық материал ұсыну, сондай-ақ азаматтардың рухани бірлігін нығайту, барлық ұлт өкілдерінің өмірдің барлық саласындағы тең құқықтары мен мүмкіндіктері негізінде өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық отаншылдықты тәрбиелеу болып табылады.

Көрме қыркүйек айы бойы жұмыс істейтін болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus