Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі «Сұлтанмахмұт Торайғыров» электронды папкасын дайындады
06.09.2018

28 қазанда қазақ ақыны және ағартушысы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 125 жыл толады. Ақынның өмірі Отанының тағдыры жол айырығында тұрған 20 ғасырдың басындағы күрделі кезеңге тұспа-тұс келді.  Табиғатынан лирик болып туған С.Торайғыров өзінің қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармаларды дүниеге әкеліп үлгерді және өз еңбегімен ұлттық мәдениет тарихында лайықты орнын алды.

Туған халқына деген шынайы махаббатқа тұнып тұрған оның поэзиясы өзінің әлеуметтік бағыты бойынша әлі күнге азаматтық борышты өтеу мен батылдықтың үлгісі болып табылады.  Торайғыровтың есімімен әлеуметтік-философия поэзиясының, азаматтық көзқарас пен батылдық поэзиясының ғана емес, сондай-ақ әдебиеттің жанрлық, көркемдік тұрғыдан дамуы да байланысты.

Кітапхана оқырмандарын ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірінің өмірі мен шығармашылығы жайында іріктелген тақырыптық материалдарды пайдалануға шақырамыз.

Электронды папка Әмбебап оқу залындағы компьютерлердің жұмыс үстелдеріне орналастырылған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ