Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тілге құрмет – елге құрмет»
10.09.2018

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК 6 қыркүйек күні әлеуметтік серіктестік аясында ҚР халықтарының тіл мерекесіне арналған 2031 әскери бөлімінің мемлекеттік тіл үйренушілерінің арасында Тіл мерекесіне орай «Тілге құрмет – елге құрмет» атты байқау болып өтті.

Мәдени іс-шараның мақсаты, өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу. Сайыскерлер екі топқа бөлініп 5 кезең бойынша сайысқа түсті. Қатысушыларалдымен көптеген тілдерде сәлемдесіп көпшіліктің қызығушылығын оята білді.

Қалған кезеңдерде сұрақтарға жылдам жауап беру, мақал-мәтелдер құрастыра білу, үш тілде білімділіктерін көрсету, жасырылған әндерді табу және сөз құрастыра білу. Сайыс қорытындысы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, ерекеше белсенділігімен көзге түсе білген «Алғырлар» тобы бірінші орынға ие болды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ