Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Әлем әдебиетінің эвересті – Лев Толстой
10.09.2018

Жазушы, ағартушы, граф Лев Николаевич Толстойдың есімі барша әлемге кеңінен танымал. Ол көзінің тірісінде Батыс Еуропаға ғана емес, сондай-ақ Шығыс елдеріне – Үндістанға, Қытайға, Жапонияғы атағы жайылған алғашқы орыс жазушысы болды. Оның көзі тірісінде 78 көркем шығармасы жарыққа шықты, 96 еңбегі мұрағаттарда сақтаулы тұрды. Ал ХХ ғасырдың жартысында осы бір қайталанбас дарынымен және қасиеттерімен ерекшеленеген адамның 90 томға жеткен және  романдары, повестері, әңгімелері мен очерктері және т.б., көптеген хаттары мен күнделік жазбалары енгізілген шығармаларының толық жинағы жарыққа шықты.   

Әмбебап оқу залында әлемдік деңгейдегі жазушының және ойшылдың дүниеге келгеніне 190 жыл толуына арналған «Әлем әдебиетінің эвересті – Лев Толстой» кітап көрмесі безендірілді. Көрмеге Л.Н.Толстойдың кітаптары, мемуарлары, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығы жайындағы кітаптар қойылған. Аталған көрме оқырмандарға Лев Толстойдың өмірі мен шығармашылығы жайындағы өмірбаяндық кітаптармен және оның атақты шығармаларымен танысуға мүмкіндік береді.

Барлығыңызды көрмемізді көруге шақырамыз!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ