Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қызбел таудан бастау алған бір бұлақ»
14.09.2018

Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК әдеби-ақпараттық бөлімі 13 кыркүйек күні ақын, публицист Ғафу Қайырбековтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Қызбел таудан бастау алған бір бұлақ» атты портрет-кеш өткізді. Оның шығармашылығы барлық қазақстандықтарға кеңінен танымал. Шараның құрметті қонақтары болған ақын, ҚР Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі Нағашыбай Мұқатов және Ғафу Қайырбековтың туысқаны  Қуаныш Орманов атақты жерлесіміз жайлы естеліктерімен бөлісті.

Өз кезегінде «Ақ қауырсын» ақындар клубының жастары ақынның өлеңдерінен сыр шертті. Мінбеден сөз алған тележүргізушілер Қабылахат Сейдахмет пен Абылай Мауданов ақынның шығармашылығына тоқталып, жастарды ақындық өнерді дәріптеуге шақырды. Шараның соңына қарай ақынға «Арнау» өлеңдер оқылып, танымал композитор Шәмші Қалдаяқовтың әніне жазылған «Ана туралы жыр» атты  ақынның сөзіне жазылған өлеңі сахна төрінен орын алды. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ