Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Біліктілікті арттыру институты – дәстүр және инновация»
20.09.2018

Аталған тақырыппен 19 қыркүйек күні Л. Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК беделді кездесу болып өтті. Шара Қостанай мұғалімдерді жетілдіру институтының, қазіргі «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалының 70 жылдығына арналды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты шын мәнінде негізгі білім беру және ғылыми-әдістемелік орталықтардың бірі болып табылады. Өзінің ұзақ жылғы жұмысында бұл ұйым педагогикалық кадрларды дайындау жүйесін жетілдіруге, өңірдің зияткерлік әлеуетін арттыруға айтарлықтай үлес қосты.

Кітапхананың жиналыс залына өмірінің ұстаздықпен байланысы бар адамдар жиналды. Шақырылған қонақтардың ішінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалының директоры Слесарь Марионелла Васильевна, педагогикалық еңбек ардагері, ҚР халық ағарту ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері Байсарина Раушан Әбдіғалиқызы, ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Худяков Роман Владимирович болды.

Қонақтар жиналғандарды мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының құрылу тарихымен және педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі кездегі жүйесімен таныстырды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus