Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жаңа мүмкіндіктер уақыты
20.09.2018

19 қыркүйекте Әмбебап оқу залы мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіруге арналған «Жаңа мүмкіндіктер уақыты» дөңгелек үстелін өткізді.

Шараға Қостанайдың ғылым саласындағы зиялылары қатысты. Сөз сөйлегендер Президент айтқан нақты тарауларға жеке-жеке тоқталып өтті және бірінші кезекте Қазақстанның білім беру, құқық қорғау саласы мен мәдениет саласын жетілдірудің және цифрландырудың қажеттігін атап көрсетті. Шараны ашқан философия ғылымдарының кандидаты Т. С. Жақыпова биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі мемлекеттің Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамуға бағыт алғандығы екендігін тағы бір рет атап өтті. ЧелМУ Қостанай филиалының әлеуметтік гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының аға оқытушысы О. В. Рак «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі жобалары жайында айтып берді. Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК директоры Д. Т. Дүйсебаева кітапхананың цифрлық ресурстарын жиналғандардың назарына ұсынды.

Адами капиталдың жаңа сапасын қамтамасыз ету жайындағы «Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болуымыз үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек» делінген Жолдаудың жетінші тарауы ерекше қызығушылық тудырды. Дөңгелек үстелге қатысушылар өмірдің барлық саласын қамтыған Жолдауды жүзеге асыру үшін оған еліміздің барлық азаматтарының белсенді атсалысулары қажеттігін атап өтісті.

Шараға арнап еліміздің саясатшыларының, талдаушыларының, қоғам қайраткерлерінің маңызды құжат жайындағы жарияланымдары қойылған «Жолдау – барша қазақстандықтардың игілігі» кітап көрмесі дайындалды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus