Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қиялдар әлемі» - Құрылыс колледжі студенттері жұмыстарының жаңа көрмесі
03.10.2018

   1 қазанда Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК Қостанай құрылыс колледжінің «Архитектура» бөлімі студенттерінің жұмыстары қойылған көрменің салтанатты ашылуы өтті. «Қиялдар әлемі» деп аталған көрме Дүниежүзілік архитектура күніне арналған. Дүниежүзілік архитектура күнінің өзіндік дәстүрі қалыптасып келеді: бұл күні жер бетінің архитекторлары конференцияларға, симпозиумдер мен форумдарға жиналып, өздерінің білімдері мен тәжірибелерін ортаға салады. Сондай-ақ бұл күні түрлі көрмелер мен экскурсиялар ұйымдастырылады.

   Қазіргі кездегі Қостанай құрылыс колледжі – тұрақты дамып келе жатқан, техникалық және кәсіби білім беретін, Қазақстан Республикасының барлық терістік өңіріне танымал және беделі бар заманауи мекеме. Бұл колледж Қазақстанның солтүстік өңірінде «Архитектура» мамандығы бойынша мамандар дайындайтын жалғыз білім ордасы болып табылады. Жастар өздерінің шығармашылық жұмыстарында күнделікті көріп жүрген нәрселерге жаңаша қарай білген, олардан үнемі жаңаруды, қозғалысты және беймәлім дүниені білуге бағытталған ізденісті көруге болады.

  Өнер туралы әдебиеттер бөлімі барлық тілек білдірушілерді көрмені көруге шақырады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus