Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Көркем сөздің көсемі
05.10.2018

Абонементтер бөлімінде жазушы, майдангер және Қазақстанның халық жазушысы Т.Ахтановтың туғанына 75 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысының оқиғалары алыстай түскен сайын ел тарихының куәсі болған көркем шығармалардың бағасы артып келеді. Тахауи Ахтанов – Ұлы Отан соғысының ең қиын кезеңі, қатардағы жауынгердің ерлігі, олардың басынан өткізген азаптары бүкпесіз баяндалған және Отанының бостандығы мен бақыты үшін өмірін құрбан еткендерге құрмет көрсетілген «Қаһарлы күндер» романының авторы.

Жазушы І және II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

Көрмеге жазушының және «Махаббат мұңы», «Боран», «Сәуле» т.б. шығармалары қойылған. Сондай-ақ оқырманды Т.Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы жайындағы кітаптар да қызықтыратыны сөзсіз.

Кітап көрмесі 2018 жылдың 31 қазанына дейін жұмыс істейтін болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ