Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Халықтың рухани тірегі»
12.10.2018

Құрметті оқырмандар!

 Өлкетану әдебиеттері бөлімінің сирек кітаптар секторы сіздерді жазушы Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Халықтың рухани тірегі» кітап көрмесін тамашалауға шақырады.

Шыңғыс Айтматов – аты әлемге әйгілі жазушы. Оның шығармаларында бар әлемге ортақ философия жинақталған. Олар әлі күнге өзекті және жыл өткен сайын қазіргі кездегі құндылығы артып келеді. Шыңғыс Төреқұлұлының шығармашылығы қай кезде де миллиондаған адамдарға адамгершілік тұрғыдан тірек болатын орасан зор байлық.

Көрмеге жазушының «Жәмиля», «Алғашқы ұстаз», «Ақ кеме», «Ана-Жер ана», «Құз басындағы аңшының зары» және т.б. шығармалары қойылған. Көрменің аса құнды жәдігері – ішінде «Плаха» және «Боранды бекет» романдары бар Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК сирек қорының коллекциясындағы автордың қолтаңбасы қойылған басылымдар. Көрмеге аталған кітаптардан басқа көркем сөздің шебері, жазушы-ойшыл, өзінің шығармашылығымен әлем әдебиетінің кеңістігін кеңейткен Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығын аша түсетін мерзімді басылымдардан алынған мақалалар қойылған.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus