Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Көңілден кетпес жұмыстар» - Владимир Барабанов студиясы оқушыларының көрнекілік және шығармашылық жұмыстарының көрмесі
12.10.2018

11 қарашада Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК Владимир Барабанов студиясы оқушыларының көрнекілік және шығармашылық жұмыстарының «Көңілден кетпес жұмыстар» атты көрмесі ашылды.

Владимир Николаевич есту қабілеті бұзылған балаларға арналған түзету мектеп-интернатында және дарынды балаларға арналған «Озат» мектебінде көп жылдан бері бейнелеу өнері пәнінен сабақ беріп келеді. Студия жұмысының бағыты әлемнің көркем мәдениетін үйрену, мұражай педагогикасы, өздерінің көркемдік шығармашылығын жасау болып табылады. Көрмеге қойылған жұмыстар авторларының көпшілігі қоғамның түрлі саласында еңбек етіп жүрген инженерлер, математиктер, шетел тілдерінің мамандары, хирургтер, спортшылар және т.б.

Көрмеге қатысушыларды құттықтауға олардың достары, колледждің студенттері мен оқытушылары, қаланың оқу орындарының студенттері, белгілі қостанайлық суретшілер – Светлана Шалунова, Георгий Соков, Юрий Новоселов және т.б. келді.

«Экспрессия» вокалды тобы орындаған ишара ән қонақтар үшін елеулі тарту болды. Көпшілік алдында Алматы қ. өткен «Жұлдызай» республикалық байқауының Гран-при иегерлері Алина Гриневич пен Балжан Жұмағазиева өнер көрсетті.

Көрме жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін,

жексенбіде 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus