Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жыр сұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров
16.10.2018

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК әдеби-ақпараттық бөлімі Cұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 125 жыл толуына орай «Жыр сұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров» атты безендірілмелі кітап көрмесін ұсынады. Көрмеден Сұлтанмахмұттың шығармашылығымен толық танысуға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ «Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары» атты 2 томдық кітабы және «Дүние дөңгелегі айналады» таңдамалы жинағы, «Қамар сұлу» романы, «Сарыарқаның жаңбыры» атты дастандары, мектеп кітапханасына арналған «Асыл сөз» өлеңдер кітабы, Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» атты ақынға арналған романы және ақынның үш томдық шығармалары, өлеңдер жинағы, орыс тіліне аударылған кітаптары көпшілік назарына ұсынылады. Көрмедегі кітаптар мен дәйексөздер Сұлтанмахмұттың қазақ әдебиетіндегі – Абайдан кейінгі, бір туар ұлы ақыны екендігін алға тартады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ