Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Рухани құндылық – ұлт қуаты
18.10.2018

  Этностар арасындағы ұлтаралық келісім Қазақстанның басты жетістігі, белгісі, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жемісті дамуының кепілі және негізі болып табылады.

  1992 жылдың қазанында Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзілік рухани келісім конгресінің бірінші сессиясы өтті. Қабылданған манифесте конгреске қатысушылар 18 қазанды Қазақстандағы Рухани келісім күні деп жариялауға шақырды. Бұл күн бірігу мен кешірім, мейірім мен өзара түсіністік күні болып табылады.

  Абонементтер бөлімі оқырмандар назарына осы күнге арналған кітап көрмесін ұсынды. Көрменің 2018 жылдың қазанында Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының қатысуымен «Дін көшбасшылары қауіпсіз өмірді қалайды» тақырыбымен өтетін VI жиыны қарсаңында сәтті ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн.

   Көрменің көрнекті жеріне ресми құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы, «Адамның құқығы және еркіндігі» нормативтік құқықтық актілер жинағы және т.б. қойылған.

   Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құруға сіңірген еңбегін, оның ұлтаралық және дінаралық келісімді қалыптастырудың қазақстандық үлгісін жасау тәжірибесін көрсететін кітаптар да лайықты орындарға қойылған.

   Әлемдік діндер, соның ішінде Қазақстандағы діндер жайындағы, діни ағымдар туралы, дәстүрлі діннің лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес жолындағы рөлі жайындағы әдебиеттер де қызықты болып табылады.

   Кітап көрмесі 2018 жылдың 31 қазанына дейін жұмыс істейтін болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus