Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ұстаздық пен қаламгерлікті ұштастырған
19.10.2018

18 қазанда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК педагог-ағартушы, Меңдіқара ауданының тумасы Спандияр Көбеевтің туғанына 140 жыл толуына арналған әдеби-сазды кеш өтті.

Спандияр Көбеев Ыбырай Алтынсаринның атағы шыққан шәкірттерінің бірі болды және ұстазының ағартушылық жұмысын жалғастырды. Оның қаламынан «Үлгілі бала», «Қалың мал» және «Орындалған арман» секілді ағартушылық және әдеби шығармалар дүниеге келді. «Қалың мал» шығармасы қазақтың алғашқы романдарының бірі болып табылады және автордың өзі де әдебиеттің осы жанрындағы алғашқылардың бірі болды.

Кештің құрметті қонақтары ретінде ағартушының немересі, тәжірибелі педагог Қуанышбек Нәзірұлы, Жазушылар одағының мүшесі, ақын, драматург Ақылбек Шаяхмет, ұстаз, еңбек ардагері Ермұханова Зүмрет Шаяхметқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтыныңаға оқытушысы Көпжасарова Жұмабике Қатымханқызы шақырылды. Шара барысында қонақтар педагогтың өмірі мен шығармашылығын өздерінің қалай зерттеп жүргендері туралы, ал С. Көбеевтің ұрпағы өзінің атақты бабасының өмірінде орын алған қызықты деректер жайында айтып берді. Кештің арнайы қонағы ретінде қатысқан Пресногорьков орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Серік Мұратұлы Мейрамовпен оның шәкірті Эмиль Набиев өздерінің Спандияр Көбеевтің оқытушылық қызметін зерттеуге арналған ғылыми жобалары бойынша қандай жұмыс атқарып жатқандары жайында әңгімелеп берді.  Әнші Нұржан Қуандықов «Ұстазым» әнін орындады.

Шара Спандияр Көбеевтің шығармалары, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығы жайындағы жарияланымдар қойылған кітап көрмесімен сүйемелденді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus