Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жолдаудың мәні – халықтың қамы
19.10.2018

19 қазанда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК ұжымында Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Мемлекет басшысының әр жолдауы жұртқа жігер, елдің дамуына жаңа серпін беретін болса, халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған биылғы жолдаудың маңыздылығы тіпті ерекше болып отыр.

Кітапхананың әрбір қызметкеріне Президенттің жаңа жолдауы аясындағы қазақстандық қоғамның мақсаты мен міндеттерін жеткізу және түсіндіру шарасын өткізуді ұйымдастырған кітапхана директоры Д.Т.Дүйсебаева ұжым алдында сөз сөйледі.

Кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Д. М. Шақарова қоғамның барлық саласын қамтыған, әсіресе әлеуметтік тақырыпқа ерекше көңіл бөлінген еліміздің стратегиялық жаңа құжатының маңыздылығын атап өтті. Себебі мемлекет дегеніміз – біз, үкіметті біз таңдаймыз және нақты міндеттер мен оларды жүзеге асыру жолдарының орындалуы біздің арқайсымызға байланысты болмақ.  Кітапханамыздағы кәсіподақ ұйымының мүшесі Г. Ж. Тәтенова Президенттің жолдауда жария еткен әлеуметтік бағдарламалары мен бастамаларының азаматтардың іскерлігін ынталандыруға, адами капиталдың сапасы мен халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталғанына назар аударды.   Жолдауда жарияланған маңызды және дер кезінде жасалған қадам – орташа есеппен жалақысының 30% өсуіне мүмкіндік беретін бюджеттік ұйым қызметкерлері еңбекақысының көтерілуі аталып өтілді.

Президент жолдауында маңызды шешім – 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау ұсынылды. Кітапхананың жастар қанатының өкілі Оксана Зелевская Президент жолдауында белгіленген маңызды стратегиялық міндетті – жас ұрпаққа қамқорлық жасауды, оларға аяғынан тұруға мүмкіндік беруді, тұрғын үй мәселесін шешуді атап өтті. Баяндамада Президент пен үкіметтің жастардың жан-жақты дамуына көп көңіл бөліп отырғаны, олардың қоғам өмірінің көптеген саласында өздерін көрсете алуы үшін жағдай жасалғаны айтылды. Президенттің биылғы жолдауы жастардың елімізді жаңғыртушы күшке айналуына бағытталған.

Барлық қатысушылар бірауыздан Президенттің Қазақстан халқына арнайтын әр жолдауы халықтың бірлігі мен келісімін сақтайтын, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін тарихи құжат деген пікір білдірді.

Қатысушылардың назарына қазақстандық БАҚ Үкіметтің жаңа құжатын талқылау және енгізу жайындағы материалдары бойынша іріктелген ақпарат ұсынылды.

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК дөңгелек үстел өткізуден басқа ғылыми-әдістемелік орталық ретінде облыстың барлық кітапханалық жүйесіне Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша ұсынымдар берілген әдістемелік хат дайындады және жіберді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus