Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қазіргі кездегі кітапханалардың жартылай жұмысы: идеялар мен практика кеңістігі» облыстық семинары
25.10.2018

24 қазанда «Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК» КММ «Қазіргі кездегі кітапханалардың жартылай жұмысы: идеялар мен практика кеңістігі» тақырыбымен облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – әріптестерімізді ақпараттық қана емес, сондай-ақ білім берушілік, ағартушылық, бос уақытты ұйымдастыру міндеттерін де атқарып жатқан жартылай жұмыс істейтін мекеме ретіндегі кітапханалардың жұмыс тәжірибесімен таныстыру.

Семинардың жұмысына Қостанай облысының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 50 астам қызметкері қатысты.

«Қостанай облысының «ГрИн» азаматтық альянсы» ҚБ жетекшісі Динара Қайырбекқызы Өтебаева адам құқығын қорғау, гендерлік мәселелер, тұрғындардың тұрмысы төмен санатының мүддесін қорғау секілді облыстың маңызды нысандарында жұмыс істеп жатқан Қостанай облысындағы бейүкіметтік ұйымдардың жұмысы жайында айтып берді. БҮҰ мен кітапхананың өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығының түрлі нұсқаларын ұсынды.

Семинарды «Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК» КММ директорының орынбасары Шоқанова Гүлмира Сәбитқызы жалғастырды. Кёльн қаласы (ГФР) кітапханаларының жұмысын мысалға келтіре отырып ол кітапханалық-ақпараттық қызметтің жеке тұлғаны және оның өзгеріп отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жұмысы туралы айтып берді.

Әулиекөл ОКЖ директоры Аманқарағай ауылдық кітапханасында ашылған Қостанай облысының кітапханаларындағы алғашқы ұжымдық жұмыс орталығын таныстырды.

Денисов ОКЖ басшысы Некрасова Любовь Николаевна «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ ұйымдастырған өңірлік әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысып жүріп жинаған тәжірибелерімен бөлісті.

Өлкетану мұражайының ашылуына септігін тигізген Науырзым ОКЖ өлкетану жұмысы туралы Науырзым ОКЖ директоры Тасқымбаева Бейнегүл Төлетайқызы әңгімелеп берді.

Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК қызметкерлері «Тарих сандығы» атты жаңа кітап театры жобасы аясында ертегілер мен халық шығармашылығы арқылы қазақ халқының рухани байлығын таныстыруды, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуды қолға алды. Жобаның жүзеге асырылуы жайында өнер секторы жетекшісінің м. а. Барибан Татьяна Геннадьевна айтып берді.

Семинардың таныстырылымдарымен, баяндамаларының мәтіндерімен, мультимедиялық материалдарымен толығырақ Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінде танысуға болады. Семинар материалдарының жинағы кітапхана сайтына қойылатын болады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ