24 қазанда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК кезекті Қостанай облысының ОКЖ кітапхана күні өтті. Бұл жолы Федоров ОАКЖ кітапханалары өздерінің жұмыс тәжірибелерін жиналғандардың назарына ұсынды.
Шара барысында белгілі боксшы, Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы Василий Левиттің отбасымен «Василий Левит – ел мақтанышы» атты кездесу болды.
Мазмұны бай «Кітапхана: бұрын және қазір» ретро-көрмесі, «Менің өлкем – менің мақтанышым» бейнесаяхаты, «Ұлттың ұлы ұстазы» әдеби-поэтикалық қонақжайы мен аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған музыкалық бағдарлама облыс кітапханашыларының көңілінен шығып, жарқын әсер қалдырды және кітапханада мерекелік ахуалдың орын алуына жағдай жасады.
Шараға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Е. Б. Қалмақов, қала жұртшылығы қатысты.