Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қазақтың алтын қызы
30.10.2018

2018 жылдың 27 қазанында Е. Өмірзақов ат. Қостанай облыстық филармониясында Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваға арналған еске алу кеші өтті.

Еңбек жолын тракторшы болып бастаған Қазақ КСР еңбек сіңірген жастар тәлімгері Кәмшат Дөненбаева өзінің еңбекқорлығының арқасында бұл салада көптеген жетістіктерге қол жеткізді, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Оның еңбексүйгіштігі мен батылдығы өз дәуірінде де, біздің кезімізде де жастар үшін жарқын үлгі болып қала бермек.

Кештің басты оқиғаларының бірі Кәмшат Дөненбаеваны еске алуға арналған кітап пен деректі фильмнің тұсаукесері болды. Фильмді жасау кезінде Л. Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК қорынан алынған мерзімді басылымдардың пайдаланылғанын айта кету керек.

Ерен еңбеккерді еске алуға оның туыстары мен достары, Қостанайдың шығармашылық және ғылыми қауымының өкілдері, ЖОО мен АООО студенттері келді. Кештің құрметті қонағы  ретінде «Кәмшат апа» әнінің авторы Құмарбек Қалқатаев қатысты. 

Шара Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК ұсынған «Қазақтың алтын қызы» кітап көрмесімен сүйемелденді. Көрме «Тың – менің тағдырым», «Батыр тұлғадан – ізгі жол» секілді екі бөлімнен тұрды, оларға Батырдың еңбек жолы туралы, жеке қасиеттері мен мінезі туралы және Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева еңбегінің жоғары бағаланатыны туралы түрлі уақытта шыққан кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ