30 қазанда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК Қостанай облыстық ауруханасының дәрігер-кардиологы Болат Сайлаубекұлы Қанапинның медициналық дәрісі өтті. Өлкетану әдебиеттері бөлімі ұйымдастырған дәріс жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алу тақырыбына арналды.
Жүрек-қан тамырлары ауруы – еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың қайтыс болуының негізгі себебі, оның орын алу жиілігі шамамен 50% жетіп отыр. Болат Сайлаубекұлы аурудың пайда болу мүмкіндігі туралы жан-жақты айтып беріп, дәріс кезінде қойылған барлық сауалдарға жауап берді.
Кездесуге қосымша ретінде келгендерге жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алу бойынша ғылыми-көпшілік және медициналық әдебиеттер қойылған «Денсаулық – баршаға ортақ іс» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Дәріске Қостанай медициналық колледжінің студенттері шақырылды.