Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Отан болған жер»
19.11.2018

18 қарашада Әмбебап оқу залы  украиндықтардың Қостанай облыстық қауымдастығының құрылғанына 25 жыл толуына арналған «Отан болған жер» атты тақырыптық кеш өткізді.

Кездесу өткізуге украин қауымдастығының өміріндегі маңызды күндер мен оқиғалар: қауымдастықтың құрылғанына 25 жыл толуы, Қостанай жерінде украин мәдениеті мен әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан украин қауымдастығының алғашқы төрағасы А. М. Кирилюктің туғанына 80 жыл толуы себеп болды.

Кеш барысында тың көтеру үшін қазақ жеріне келіп, Қазақстанды екінші Отанына айналдырғандарға құрмет көрсетілді. Сондай-ақ өз еңбегімен облысымыздың атын шығарған, алдыңғы буындардың тәжірибесі мен дәстүрлерін сақтауға және келешек ұрпаққа жеткізуге үлес қосқан жерлестеріміз де аталып өтілді.

Мерекелік кештің концерттік бағдарламасында өлеңдер оқылып, әндер айтылды, қазақ жеріндегі украин халқының тарихына қатысты ақпарат берілді.

Кештің қонақтарына арналып украин тілінің өздігінен үйреткіші, украин әдебиеті классиктерінің шығармалары, Тарас Григорьевич Шевченконың шығармашылығы, оның Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қосқан әдеби және мәдени еңбегі жайындағы материалдар қойылған «Туған тілім – таза бұлақ» кітап көрмесі безендірілді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus