Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Тұңғыш президент – тәуелсіздігіміздің тірегі болған тұлға
20.11.2018

2018 жылдың 19 қарашасынан бастап Әмбебап оқу залында тұңғыш Президент күніне арналған «Тұңғыш Президент – тәуелсіздігіміздің тірегі болған тұлға» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады.

Көрмеге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылдағы алуан бағытта атқарған жұмысын: Президенттің мемлекетіміздің бейбіт өмір сүруі және гүлденуі бағытындағы бастамаларын, көп ұлтты Қазақстан Республикасының негізгі жетістіктерін көрсететін кітаптар қойылған. Жас республиканың барлық жетістіктері мен табыстары мемлекет басшысының еңбегімен тікелей байланысты, ел беделі Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басының беделімен астасып жатыр.

Кітап көрмесінен егемен Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі құрылу тарихымен және Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің республиканың жетістіктеріне, сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді әлемге танытуға қосқан өлшеусіз еңбегі туралы білуге болады.

Кітап көрмесі ай бойы өзінің оқырмандарын күтетін болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus