Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітапхана мен оқырман: тараптардың түсіністігі»
21.11.2018

Осындай тақырыппен кітап пен кітап оқуды насихаттауға арналған беделді кездесу болып өтті. Жақсы әдебиетке деген қызығушылықты тәрбиелеу кітапхананың қашаннан бергі ізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Адамды күшке салып зорлап кітап оқыту мүмкін емес, бірақ жақсы көңіл-күй мен оң әсердің ықпалынан кітап оқуға деген құмарлықты оятуға болады. Мұндай құмарлық танымал және беделді тұлғалармен болатын қарапайым да әсерлі әңгіме аясында тез оянады. Шараға қатысқан қонақтар: ақын, бірнеше кітаптың авторы, суретші, «Қазақстанның ағарту ісінің үздігі» Ковтун Людмила Леонидовна, Қостанай облысында зияткерлік ойындарды өткізу бойынша кеңесші, Н. Назарбаев қорының «Зияткерлік олимпиада» тележобасының жүлдегері Давиденко Тамара Ивановна, ақын, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің екінші курс студенті Марина Печеркина дәл осындай ахуал жасады. Қонақтар өздерінің әдебиеттің қай саласына басымдық беретіндері, кітап оқу мен әдебиеттің жеке өмірі мен кәсіби дамуына қаншалықты әсер ететіндері туралы айтып берді. Шара оқырмандар тарапынан зор сұранысқа ие кітаптар қойылған кітап көрмесімен сүйемелденді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus