Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Сегіз қырлы, бір сырлы
22.11.2018

2018 ж. 21 қарашасында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК қонақжайында белгілі өлкетанушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және білім беру қызметкері, Қостанай облыстық меценаттар клубының «Ауыл жанашыры» атауы бойынша «Қазына» сыйлығының лауреатыВалерий Васильевич Стародубпен кездесу болды. Кездесу оның 70 жылдығына арналды және оған басым көпшілігін жастар құраған көп кісі жиналды.

Валерий Васильевич өзі туралы, өзінің педагогикалық қызметі жайында, Сарыкөл ауданының тарихы мен мәдениетін зерттеу жұмыстары жайында, өзі ұйымдастырған Сарыкөл аудандық Мәдениет үйіндегі Халық театры туралы айтып берді. Кездесуге келген достары мен таныстарының ішінде болған В. Г. Вишниченко, А. В. Тарасенко, Н. М. Ковтун, А. С. Удовицкий, А. С. Денисов өз сөздерінде Валерий Васильевичтің жанкештілік еңбегінің жастар үшін Отанды, туған өңірді сүюдің лайықты үлгісі бола алатындығын атап өтті.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ