Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Тәуелсіздік – ел тілегі, Елбасы – ел тірегі
06.12.2018

5 желтоқсанда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК әмбебап оқу залы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік – ел тілегі, Елбасы – ел тірегі» ақпараттық сағатын өткізді. Қалалық мешітте өткен шараға қаламыздың танымал тұлғалары қатысты.

Шараға жиналған жұртты қалалық мешіттің бас имамы Ш. Әмірханов, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі С. Оспанов және Қазақстанның құрметті азаматы, экономика ғылымдарының кандидаты, ҚР еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері И. Естаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады. Қонақтар өз сөздерінде тәуелсіз Қазақстанның аяғынан тұруына ықпал еткен оқиғаларға қатысты пікірлерін білдірді және еліміздің басты жетістігі еліміздегі тыныштық пен қоғамның өзара келісімі екендігін атап өтті. Журналист, әнші, жыршы, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Қ.Қиысқан Отан туралы ән орындады. Кітапханашы Айтжан Италмасов өзі шығарған «Тәуелсіздік» шығармасын оқыды. ӘОЗ меңгерушісі Айгүл Минасова Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы бойынша шолу жасады.

Қонақтардың назарына еліміздің Тәуелсіздік алған уақытынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихын баяндаған басылымдар мен фотосуреттер қойылған «Алаш арманы – тәуелсіз Қазақ елі» кітап көрмесі ұсынылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ