Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Арманы ақиқатқа айналған абыз
07.12.2018

Әлем әдебиетінің классигі, Қырғызстан мен Қазақстанның халық жазушысы, отандық және халықаралық сыйлықтардың лауреаты Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Әмбебап оқу залы «Арманы ақиқатқа айналған абыз» атты кітап көрмесін дайындады.

Шыңғыс Айтматовтың шығармалары әлемнің 176 астам тілдеріне аударылған. ЮНЕСКО-ның мәліметі бойынша ол ХХ ғасырдағы кітаптары ең көп оқылған және шығарылған жазушылардың бірі болды.

Кітап көрмесіне жазушының адамгершілік идеялары мен тірі нәрсенің барлығына: адамдарға, жабайы және үй жануарларына, өсімдікке және Жерге деген шексіз махаббатқа толы шынайы шығармалары қойылған.

Шыңғыс Айтматов адамдардың жан дүниесін жүрегімен сезе білді. Бұл өз шығармашылығында ұлттық, діни және басқа да шартты шектеулерді айналып өте алатын тек ұлы жазушыларға тән қасиет. Аты әлемге әйгілі жазушылар үшін жер бетіндегі адамдардың барлығы бірдей екендігі белгілі.

Барлығыңызды желтоқсан бойы жұмыс істейтін көрмемізді көруге шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus