Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ғасырдан да ұзақ күн»
13.12.2018

12 желтоқсанда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК қонақжайында атақты жазушы Ш. Т. Айтматовтың туғанына 90 жыл толуына арналған әдеби кеш өтті.

Шыңғыс Айтматов мейірімділік, әділдік, ар-ұждан, ерлік және адамгершілік мұраттарын мадақтайтын және насихаттайтын философиялық романдар мен повестердің авторы ретінде танымал болды. Жазушының бай әдеби мұрасы шын мәнінде барлық адамзаттың рухани игілігі болып табылады. Шыңғыс Айтматовтың шығармалары төрткүл дүниеге танымал, әлемнің 170 астам тілдеріне аударылған, барлық континенттерде көптеген данамен бірнеше рет қайта басылып шығарылды. Шыңғыс Айтматовтың шығармалары бойынша көптеген кинолар түсірілді, театрларда спектакльдер қойылды.

Кездесуге белгілі қостанайлық әдебиетшілер, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты. Кездесуге келген А. В. Тарасенко, А. Н. Харченко, А. С. Денисов Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы жайындағы өздерінің пікірлерін білдірді.

Шыңғыс Айтматовтың бейнесі ізгілікті оқырмандарының жүрегінен мәңгі орын тапқан. Ұлы шебердің шығармаларын өткен өмір мен келешектегі өмірдің берік көпірі деуге болады. Оның шығармашылығы – келер ұрпаққа тартылған сыйлық және қалдырылған өсиет.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ