Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ғафудың сыршыл әлемі
13.12.2018

11 желтоқсанда Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрындакөрнекті ақын, журналист және публицист Ғафу Қайырбековтың 90 жылдығына арналған «Қыран қанатты қаламгер» атты кеш болып өтті. Аталған шара аясында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК қызметкерлері «Ғафудың сыршыл әлемі» атты безендірілмелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрме жиналған жұрттың атақты жерлесіміздің шығармашылығымен толығырақ танысуына мүмкіндік берді. Көрменің «Жырлары жанды баураған» атты бірінші бөліміне ақынның поэтикалық жинақтары, ал «Ғафу ғибраты» атты екінші бөліміне ақынның өміріне қатысты тың деректер: сирек кездесетін фотосуреттер мен әдеби мақалалар қойылды. Әсіресе Ғ. Қайырбеков жайындағы естеліктер көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды.

Әдеби шараның қонақтары кітапхана ұжымына Ғ. Қайырбеков поэзиясының қазақ әдебиетінен алар орнын тағы бір рет көрсетіп берген мазмұны бай кітап көрмесі үшін алғыстарын білдірді. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus