Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Аққан жұлдыз» көрмесіне шолу
21.12.2018

Өлкетану әдебиеттері бөлімі Қостанай қ. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары үшін қазақтың атақты ғалымы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы Шоқан Уәлихановқа арналған «Аққан жұлдыз» кітап көрмесін дайындады.

Көрмеге жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығы жайындағы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. Қазақтың атақты ғалымы Шоқан Уәлихановтың бай ғылыми мұрасы – шығармашылықтың озық үлгісі және халықтың сарқылмас қазынасы. Оның тарих, этнография, құқық, фольклор, география, филология саласындағы еңбектері шын мәнінде бірегей мұра болып саналады. Шоқанның мұраларын насихаттау – біздің басты парыздарымыздың бірі. Барлық материал екі тілде қойылған. Оқушылар қазақтың атақты шығыстанушысының кітаптарымен қызыға танысты.

Сондай-ақ оқушылардың кітапхананың бөлімдерімен танысуына мүмкіндік берген кітапханаға сырттай экскурсия өткізілді. Келешекте жас зияткерлер кітапханамыздың тұрақты оқырманы болатындарына уәде берді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus