Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Құрметті оқырмандар!
09.01.2014

Тарас Шевченконың мерейтойы 2014 жылы әлемнің көптеген елдерінде кеңінен аталып өтуде. Тарас Шевченконы қазақстандықтар ұмытқан емес, оны бағалап, үнемі зерттеп отырады.  Ақынның шығармаларына таң қалған Қазақстанның Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуэзов, Ғабит Мүсрепов, Әбділда Тәжібаев секілді атақты әдебиетшілері оның өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Украин ұлтының көріпкелі өсиет еткеніндей-ақ оны өз Отанында да, әлемнің көптеген елдерінде де «ілтипатпен» еске алса, Қазақстанда ерекше сүйіспеншілікпен және құрметпен еске алады. 

Украиндық атақты ақын әрі суретші Тарас Шевченконың туғанына 200 жыл толу құрметіне Астанада ескерткіш ашылатын болады. 

Біздің кітапхана да атаулы күннен тыс қалмай, түрлі шаралар өткізетін болады.  Тарас Шевченконың шығармашылығына байланысты 5 қаңтар мен 5 ақпан аралығында екінші қабаттың фойесінде ұйымдастырылатын «Талантымен танылған жазушы» кітап көрмесі, наурызда өткізілетін «Ұрпақтар жадында сақталған ақын» кеші секілді шаралар циклін өткізу жоспарланған.

 

Құрметті оқырмандар және поэзияға құштар қауым, сіздерді аталған шараларға шақырамыз!   

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus