Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
2019 жылы жалпы халықтық оқу үшін республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитетінің шешімімен Әбіш Кекілбаевтың«Аңыздың ақыры» романы таңдап алынды!
10.01.2019

Кекілбаев Әбіш Кекілбайұлы (1939 – 2015) - мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ және Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ құрметті профессоры.

         Оның қаламынан қазақ, қырғыз, орыс, өзбек, украин, эстон, неміс, испан, болгар, венгр, поляк, түрік, ағылшын және әлемнің т.б. тілдерінде басылып шыққан 50-ден астам кітап дүниеге келді. Ең танымал шығармалары ретінде «Аңыздың ақыры» романын, «Дала балладалары», «Шыңырау», «Бәсеке», «Шеткері үй», «Бәйгеторы» повестерін және т.б. атауға болады.

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитеті «Аңыздың ақыры» романын 2019 жылы жалпы халықтық оқу үшін таңдап алды. 

Шығармаға Темірланның Самарқандта тамаша мешіт салған шеберді соқыр қылып тастау туралы бұйрық бергені жайындағы аңыз арқау болған. Оған қолбасшының әйелінің тапсырысы бойынша тұрғызылған мешіттің Темірланның өзінің тапсырысы бойынша тұрғызылған мешіттен көркем болуы себеп болды ма, әлде шебер басқа жерде бұдан көркем ештеңе тұрғызбасын деді ме, болмаса албырт сәулетші билеушінің жұбайына ғашық болып қалды ма,  мұны ешкім білмейді. Аңыздың ақырынан шабыт алған Әбіш Кекілбаев оған себеп болған тұтас бір тарихты – шығысқа тән құпияға, қиял мен қатыгездікке толы оқиғаны ойлап табады. Кекілбаев аңыздың соңын халықтың жеткізуінен өзгеше, алайда мінездің психологиялық қисындылығын және зерттеу үшін алынған көркем бейнелердің шынайы шығуын ескере отырыпаяқтайды.Бұл тарихта орын алған оқыс оқиға жоқ деуге болады – тек шулы қала, көгілдір мұнара, айналадағы құм мен үш көзқарас, үш тұлға, үш архетип қана бар.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus