Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
2019 жылы жалпы халықтық оқу үшін республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитетінің шешімімен Әбділда Тәжібаевтың лирикасы таңдап алынды
10.01.2019

Әбділда Тәжібаев (1909-1998) - қазақ ақыны және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР халық жазушысы.

Әбділда Тәжібаев ұзақ жылдар бойы поэзия, драматургия, әдебиеттану саласында жемісті еңбек етті. Оның алғашқы өлеңі 1927 жылы «Жұмысшы» ("Жұмысшының гудогі") газетінде жарияланды, ал 1933 жылы «Жаңа ырғақ» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. «Оркестр», «Құтқару», «Екі әлем», «Абыл», «Шын жүректен», «Ғашық жүректер», «Таныс дауыстар»және басқа поэмалар мен өлеңдер жинақтары басылып шықты.

Ә.Тәжібаевтың қаламынан адамдардың ауыр тұрмысы, халықтың санасындағы жаңа өмір мен ескі өмір арасындағы тартыс, адамның қоғамдағы орны, жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу жайындағы «Батылдар»пьесалар жинағы, «Халқым туралы аңыз», «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез», «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен солдат», «Монологтар» драмалық поэмалары, «Дубай Щубаевич», «Той боларда» комедиялары және т.б. дүниеге келді.

Ә.Тәжібаевтың шығармашылығы қазақ әдебиетінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. 30-ыншы жылдардың соңында-ақ Мұхтар Әуезов оның алғашқы шығармаларын оқып шығып, жас ақынның көркемдік ерекшеліктерін: сезімталдығын және қазақ лирикасының үздік дәстүрлеріне сай екендігін атап өтті. Шығармаларының тақырыбы алуан түрлі – халықтың өткен өмірі, мыңдаған адам тағдыры, жаңа дәуірдің бағыты, жаңа өмірдің құрылысы. Ақын ұрпақтардың сабақтастығын, ұрпақтар арасындағы байланыстың үзілмеуін, бабалардың аманатын сөз етеді. Туған жер – Ә.Тәжібаев поэзиясының сарқылмас көзі.

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясыныңұйымдастыру комитеті Ә.Тәжібаевтың лирикалық шығармаларын 2019 жылы жалпы халықтық оқу үшін таңдап алды. 
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus