Әмбебап оқу залында белгілі жазушы, қоғам қайраткері, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Кемел Мырзагелдінің 70 жылдығына арналған көрме жұмыс істей бастады.
Кемел Мырзагелді руханилық, білім, парасат пен адамгершілік жайындағы танымдық-публицистикалық еңбектердің авторы болып табылады, өз оқырмандары арасында «Абзалдық әліппесі», «Өзіме сабақ» секілді кітаптарымен танымал. Сондай-ақ ол шетелдік авторлардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Олардың ішінде Лев Толстой, Сенека, Пауло Коэльо, Луиза Хей, Лао-Цзы, Конфуций және басқа авторлардың еңбектері бар. «Менің қазағым оқысын»,-дейді автор.
Көрменің көрнекті жеріне «Ақыл қалта. Ой-қазына антологиясы», «Көңіл күнделігі», «Өзіме сабақ», «Шәкәрімнің ар ілімі» және басқа шығармалар қойылған.
Мерзімді басылымдар мен «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналынан, «Айқап» қазақ қоғамдық-саяси және әдеби-сыни журналынан, «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналынан алынған жазушының өмірі мен қызметі жайындағы мақалалар да қызықты болып табылады.
Көрме 2019 жылдың 30 қаңтарына дейін жұмыс істейтін болады.