Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері орыс жазушысы Данил Граниннің 100 жылдығына арнап «Шығармашылық шегі» атты безендірілмелі кітап көрмесін дайындады.
Көрменің авторлары онда Д.А.Гранинннің көркем шығармаларын (соның ішінде «Победа инженера Корсакова» повесінің алғашқы басылымын), оның публицистикалық жұмыстарын (соның ішінде Алес Адамовичпен бірлесе жазған «Блокадная книга» жұмысын), эсселерін, мақалаларын, сұхбаттарын, сондай-ақ Л.Финктің «Необходимость Дон Кихота. Книга о Данииле Гранине» монографиясын көрсетуге тырысты. Көрме оқырманның осы бір жан-жақты жазушының көркемдік әлемін барынша сезінуіне, оның өмір жайындағы көзқарастарын түйсінуіне мүмкіндік береді.