Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Бір ел – бір кітап
18.01.2019

Абонементтер бөлімінде шығармалары 2019 жылы жалпы халықтық оқу үшін таңдап алынған авторларға арналған «Әдебиеттің хас шеберлері» кітап көрмесі жұмыс істейді. Олар Ә.Тәжібаевтың лирикалық шығармалары мен Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы.

Таңдалған авторлардың шығармалар жинағы мен ішінен құнды өмірбаяндық мәліметтер табуға болатын кітаптар да қызықты болып табылады. Олардың ішінен ең алдымен «Қазақстан әдебиеті» энциклопедиялық сөздігі мен «Қазақстан жазушылары» өмірбаяндық анықтамалығын атап өтуге болады. Екі тілде шығарылған «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы, «Қазақ совет поэзиясының антологиясы» (1 том) және т.б. басылымдар да назар аударуға тұрарлық.

Барлығыңызды республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысуға және қазақ әдебиетінің майталмандарының шығармаларымен танысуға шақырамыз.

Кітап көрмесі 2019 жылдың қазанына дейін созылатын болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus