Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ауғанның отты жылдары (Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл)
18.01.2019
Абонементтер бөлімінде Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған кітап көрмесі жұмыс істейді. Көрменің мақсаты – ауған соғысына қатысы барлардың барлығына құрмет көрсету, Қазақстан Республикасы азаматының отаншылдық санасын қалыптастыруға көмектесу.
Оқырмандар назарына А. Ляховскийдің «Тайны афганской войны», А.Боровиктің «Афганистан: еще раз про войну»кітаптары ұсынылды. С.Алексиевичтің «Цинковые мальчики» жәнеГ.Мортенсонның «Школа на краю земли» басылымдары да тартымды және мәліметі мол дүниелер.
Қазіргі кездегі соғыс тақырыбына жазылған үздік шығармалардың бірі деуге болатын Б. Смағұлдың «Тағдыр тозағы» - «Ад судьбы» кітабы да аса құнды дүние.
А. Жантасовтың «Жартасты жастанған жасақ» - «Второй мусульманский»жұмысы көрменің көрнекті жеріне қойылған. Кітап аты аңызға айналған Қара майор – Борис Төкенұлы Керімбаев басқарған атақты жасақтың тарихы жайында баяндайды.
Барлығыңызды жыл бойы жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ