Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Астықты алқапқа айналған дала
18.01.2019

«Елге көп көлемдегі астық керек болды, экономикалық тәуелділікке ұшырамау үшін, өз халқымызды тамақпен қамтамасыз ету үшін, индустрияның дамуына қолдау көрсету үшін азық-түлік қажет болды. Қыруар күш пен қаражаттың арқасында астық алынды, тамақ табылды. Бар ауыртпалық аталған міндетті орындау үшін жанкештілікпен еңбек еткен адамдарға түсті». Н.Назарбаев.

1954 жылдың ақпанынан бастап Қостанай облысына бірінің артынан бірі еріктілерді тиеген эшелондар келе бастады.

Сол жылдардың жаңғырығы әлі күнге біздің өмірімізге ықпал етіп келеді. Түрен түспеген миллиондаған гектар жерді игеру секілді мұндай алып жобаның тарих бетінен із-түссіз жоғалып кетуі мүмкін емес.  Тың бұрынғы кеңес елінің түпкір-түпкірінен келген мыңдаған адамның өміріндегі жарқын кезеңдер болып қалды. Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі тыңның игерілуіне 65 жыл толуына орай «Астықты алқапқа айналған дала» электронды папкасын дайындады.

Кітапхана оқырмандарын тың жерлерді игерумен байланысты болған барлық оқиғалар жайында интернеттен алынған тақырыптық материалдармен танысуға шақырамыз. Электронды папка Әмбебап оқу залындағы компьютерлердің жұмыс үстеліне орналастырылған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ