Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Көрме үлгілері
18.01.2019

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК 2019 жылдың 17 қаңтарында қостанайлық суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковтың жеке көрмесінің ашылуы болды.

Оның есімі өнер сүйер қауымға жақсы таныс.  Ол түрлі бағытта жұмыс істейтін суретші болып табылады: кескіндеме және графика жанры бойынша сурет салады, экслибриспен айналысады, кітап безендіреді.

 Суретшінің кезекті көрмесінің тақырыбы – көрмелік өнер. Көрмеге қазіргі кездегі көрме өнерінің үлгілері көркемдік тұрғыдан үйлесім тапқан кескіндеме шығармалары қойылған.  Автор келушілердің назарына 2018 жылы салған 20 жұмысын ұсынды.

Көрменің ашылуына Георгий Михайловичтің әріптестері мен достары, оның шығармашылығын бағалаушылар келді. Кітапхана директоры Д.Дүйсебаева өз сөзінде Г.М.Соковқа жаңа шығармашылық табыстар мен ұзақ өмір тіледі. Сондай-ақ көрменің авторын суретші және педагог Светлана Шалунова, Қостанай педагогикалық колледжінің сәндік-қолданбалы өнер және дизайн кафедрасының меңгерушісі Бибіжамал Баякова, «Өрлеу» БАҰО Қостанай облысы бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру институты» директоры Марионелла Слесарь және т.б. құттықтады.

Кеш «Мирас» МҮ әншісі А.Ибраевтың орындауындағы музыкалық нөмірлермен сүйемелденіп, шараның салтанатын арттыра түсті.

Барлық қостанайлықтарды шақырамыз!

Көрме 10 ақпанға дейін жұмыс істейді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus