Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Киелі жерлер бірлік пен жаңғыру нышаны»
18.01.2019

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында мемлекет басшысы қазақстандықтардыңрухани жаңғыруын жүзеге асырудың бірнеше бағытын анықтап берген болатын. Бұған ол бірқатар жобаларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуді ұсынды. Солардың бірі «Қазақстанның киелі жерлері» немесе «Қазақстанның киелі географиясы» деп аталды.

Қостанай облысының жері тарихи және мәдени ескерткіштерге бай. Кесенелер, тарихи орындар, елді мекендер әлі күнге өткен дәуірдің құпияларын жасырып жатыр. Мұндай киелі жерлерді көру сол кездердің куәгерлерін кездестірумен және оқиғаларын көрумен бірдей болған болар еді.

Өлкетану әдебиеттері бөлімінде бір жыл бойы жұмыс істейтін Қостанай облысының киелі жерлеріне арналған «Киелі жерлер бірлік пен жаңғыру нышаны» көрмесі ашылды. Көрмеге Қостанай облысының өңірлік киелі жерлерінің қысқаша сипаттамалары берілген кітаптар, библиокарта – әр нысан туралы мәліметтер келтірілген және кітапхана қорында бар әдебиеттердің толық тізімі берілген библиографиялық көрсеткіш қойылған. Жыл ішінде көрме толықтырылып және жаңартылып отырылатын болады.

Қаңтар айындағы көрмеге мұсылмандардың «Ақ мешіті» мен Ыбырай Алтынсарин кесенесінің тарихы туралы материалдар қойылған. Олардың пайда болу тарихы жайындағы кітаптар мен мерзімді басылымдар, ғалым-өлкетанушылардың ой-пікірлері мен жарияланымдары кез келген оқырманды қызықтыратыны сөзсіз. 

Қала тұрғындары мен қонақтарын кітапханада күтеміз. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ