Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Астықты алқапқа айналған дала»
18.01.2019

Өлкетану әдебиеттері бөлімінде ерікті тыңгерлердің бірінші тобының келгеніне 65 жыл толуына арналған «Астықты алқапқа айналған дала» кітап көрмесі жұмыс істейді.

Көрменің мақсаты тың және тыңайған жерлерді игеру процесі туралы бейнелі түсінікті қалыптастыру, еліміздің ерлікке парапар өткеніне деген қызығушылықты арттыру, еңбек адамдарына құрметпен қарауды тәрбиелеу болып табылады.

«Тың игеру – әлем тарихында бұрын-соңды болып көрмеген, 20 ғасырдың орасан зор әлеуметтік-экономикалық жобасы»,-деген болатын мемлекет басшысы Н.Назарбаев.

Батыс Сібірдің, Алтайдың және Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеру 1954 жылы басталды. Алғашқы үш жыл ішінде 33 млн. га. жуық жер жыртылды, оның жартысынан астамы – шамамен 18 млн. га. Қазақстанда жүзеге асырылды. Сол себепті «тың көтеру» ұғымы Қазақстанға қатысты қабылданады.

Тың мүлдем жаңа әлеуметтік, экономикалық жағдайларды жасаған және рухани талаптарды тудырған дәуір болды. Тың озық кәсіпорындардың жетекшілеріне, ірі ғалымдарға, мемлекеттік және саяси қайраткерлерге айналғанерлердің үлкен тобын тәрбиелеп шығарды.

Кітап көрмесінен Қостанай облысының тың және тыңайған жерлерін игеру тарихымен, Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуымен және жетістігімен танысуға болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus