Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Әдеби қонақжайдағы кинокөрсетілім
21.01.2019

«Великий Гэтсби»–ХХ ғасырдағы атақты жазушылардың бірі болған Фрэнсис Скот Фицжеральдің көрнекті шығармаларының бірі.  Бұл роман махаббат жолында жоғары дәрежеге қол жеткізген, өзінің атын шығарған және байыған, бірақ бақытты бола алмаған адам жайында. Тағдырдың тәлкегімен ерте келген ажал оның «тамаша  тағдырын» тас-талқан етеді. Әдеби қонақжайда 20 желтоқсанда көрсетілген  фильмдегі Гэтсбидің рөлін америкалық актер Леонардо ДиКаприо тамаша сомдай алған. Кино көруге келген оқырмандар актерлердің тамаша ойындарынан ләззат алып, джаз әлімі мен сол кездің өміріне сапар шекті, тіпті кітап пен фильмнің ұқсастығы мен айырмашылығы жайында пікір де алмасты. Барлық жиналғандар бірауыздан мұндай шараның классикалық шығармаларға басқа қырынан қарауға мүмкіндік беретінін жеткізді және мұндай кинокөрсетілімдерді тұрақты өткізіп отыруды ұсынды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ