Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Арманға қадам»
25.01.2019

24 қаңтарда Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК қонақжайында А.И. Никифоров ат. сурет мектебінің оқушылары мен олардың тәлімгері, Қостанай облыстық меценаттар клубының «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша «Шабыт» сыйлығының лауреаты Нина Сергеевна Олексюктің «Арманға қадам» атты бірлескен көрмесінің ашылуы болды.

Көрменің ашылуына қатысушылардың өздерінен басқа сурет мектебінің директоры Т.В. Кузьменкова, белгілі қостанайлық суретші Г.М. Соков, ақын және педагог А.И. Суслова, актер және режиссер, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі В.А. Захарьев, қаланың колледждері мен ЖОО студенттері келді.   

Қонақтар өз сөздерінде көрмеге қойылған жұмыстардың көркемдік деңгейінің жоғары екендігін, мұндай шаралардың шығармашыл жастарды қолдау үшін маңызды екендігін атап өтісті. Н.С.Олексюктің өзі көрменің мазмұны мен құрылымы туралы, оқушылардың жұмыс барысында шешуі тиіс болған міндеттері туралы айтып берді. 

Н.С.Олексюктің жетекшілік етуімен балалар жасаған мультипликациялық фильмдер мен олардың анимациялық кино фестивальдарында жүлделер алғандығы туралы ақпарат жиналғандардың ерекше қызығушылығын тудырды. 

Шара соңында ұйымдастырушылар барлық келген кісілерді көрмеге қойылған жұмыстармен жақынырақ танысуға шақырды және жастардың жұмысына шағын шолу жасады. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ