22.01 қонақжайда кезекті әдеби отырыс болып
өтті. Кездесу бағдарламасына келесідей мәселелер енгізілді:
- әдеби орталықтың 2014 жылға арналған жұмыс жоспары;
- Қазақстанда және әлемде болып жатқан әдебиет саласындағы оқиғалар туралы
ақпарат;
- ақын А.И.Суслованың Нижегород облысында өткен «Ироническая поэзия» халықаралық
фестиваліне сапары жайындағы электронды көрсетілім;
- дәстүр бойынша кезектесіп өлең оқу.
Отырысқа келген авторлардың ішінде болған Н.Кочин, А.Удовицкий, В.Лоскутников, Т.Кайгородцева,
Ф.Мин, А.Харченко, А.Денисов, Н.Рядинская жаңа
кітаптар мен жаңа жарияланымдар жайында пікірлерін білдірісіп, өздерінің
сапарлары туралы әңгімеледі және өлеңдерін оқыды. Кездесуге поэзияны сүйетін
өзге де кісілер келді.